Қарыздан құтылудың "ерекше" жолын ұсынған Құралай ханым күлкіге қалды - видео

0
759

Қарыздан дене жаттығуын жасау арқылы құтылуға болады дейді психолог.


Қарыздан құтылудың

Танымал психолог Құралай ханым әлеуметтік желіде қарыздан құтылудың ерекше тәсілімен бөлісті. Ол қағазға жазу әрі дене жаттығуын жасау арқылы несиені жабуға болатынын айтады, деп жазады exk.kz.

Әлеуметтік желіде пайда болған видеода Құралай ханым басында несиесі, мойнында қарызы барларға ақыл-кеңесін беріп жатыр. Онда ол адамға қарыз болсаң дене жаттығуын жасау арқылы құтылудың жолын айтады. Ал банкте несиесі барларға тіпті оңай тәсілді үйретеді.

"Келісім-шартты алып қарасаңыз, сіздің ай сайын қанша төлейтініңіз туралы жазылып тұрады. Сіз сол қағазды алып, артына "Рахмет, төленді" — деп толтырып жазып тастаңыз. Бірнеше бағанға толтырып соңына дейін жазып шығасыз. Белгілі бір мерзім өткенде ол міндетті түрде орындалады", — дейді Құралай ханым.