Қаржы министрі Қазақстанның қарызы туралы айтты

0
817

Сәуір айының басында мемлекеттік қарыз 17,7 триллион теңгені немесе ЖІӨ-нің 25,5 процентін құрады.


Қаржы министрі Қазақстанның қарызы туралы айтты

ERNUR.KZ. Қазақстанның борышы қауіпсіз деңгейде сақталып отыр. Бұл туралы қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мәлімдеді, деп жазады Sputnik Қазақстан.


"Бюджет тапшылығы 1,3 триллион теңге, яғни ЖІӨ-ге шаққанда 1,9 процентті құрады. Қазақстанның борыштары қауіпсіз деңгейде сақталып отыр", – деді мәжіліс отырысында 2019 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы баяндама жасаған Жамаубаев.

Айтуынша, шығыстар 99,9 процентке игеріліп, 12 триллион теңгеге жеткен.
Әлеуметтік шығыстар 2018 жылмен салыстырғанда 22 процентке ұлғайып, 5,2 триллион теңгені құрады. Бұл республикалық бюджет көлемінің 43 проценті.

Республикалық бюджетке түсетін түсімдер 100,4 процентке атқарыла отырып, 10,16 триллион теңгені құрады.

Қаржы министрлігінің ақпаратынша, сәуір айының басында мемлекеттік қарыз 17,7 триллион теңгені немесе ЖІӨ-нің 25,5%-тін құрады.