Қаржы министрінің бірінші орынбасары тағайындалды

0
1 067

Б. Шолпанқұлов 1976 жылы Алматы облысында туған.


Қаржы министрінің бірінші орынбасары тағайындалды

Үкімет қаулысымен Берік Шолпанқұлов ҚР бірінші қаржы вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ. primeminister.kz.

Б. Шолпанқұлов 1976 жылы Алматы облысында туған. 1996 жылы Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін экономист-бухгалтер мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1996 жылы ҚР Қаржы министрлігі жанындағы Қазынашылық Мемлекеттік қарыз және кассалық қаржы басқармасының қазынашысы болып бастады. Түрлі жылдары ҚР ҚМ жанындағы қазынашылық жүйесінде басшылық қызметтерді атқарды. 2008 жылдан 2014 жыл аралығында ҚР қаржы вице-министрі болды. 2014-2016 жылдары - ҚР қорғаныс министрінің орынбасары. 2016 жылдан бастап қазірге дейін ҚР қаржы вице-министрі лауазымын атқарды.