Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы тағайындалды

0
665

Ашуев Айдын бұған дейін ҚР Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің төрағасы болған.


Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы тағайындалды

Мемлекет басшысының өкімімен Айдын Жұмабекұлы Ашуев Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

"Мемлекет басшысының өкімімен Айдын Жұмабекұлы Ашуев Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы қызметіне тағайындалды", делінген Ақорда жариялаған хабарламада.

Ашуев Айдын бұған дейін ҚР Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің төрағасы болған.

1976 жылы 26 қазанда Алматы қаласында дүниеге келген. 1997 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын экономист мамандығы бойынша бітірген.