Қаржы вице-министрі ұсталды ма – Бектенов жауап берді

0
1 309

​Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн-брифингте журналистер әлеуметтік желіде тараған ақпаратты растауды сұрады.


Қаржы вице-министрі ұсталды ма – Бектенов жауап берді

ERNUR.KZ. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов вице-министр ұсталды ма деген сауалға жауап берді, деп жазады Sputnik Қазақстан.

Бүгін орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте журналистер әлеуметтік желіде тараған ақпаратты растап беруді сұрады. "Жақында әлеуметтік желілерде қаржы вице-министрі Руслан Еңсебаевтың ұсталғаны туралы ақпарат тараған. Осы ақпарат рас па? Шын болса, вице-министр қандай қылмыстық іс бойынша ұсталды? Не үшін айыпталып отыр?", - деді тілшілер.

Бектенов сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту заңнамасына арналған брифингте қылмыстық істер туралы айтқысы келмейтінін жеткізді. Бірақ вице-министрдің ұсталғанын да жоққа шығарған жоқ.

"Бүгін нақты бір қылмыстық істер мен тергеу шараларына қатысты пікір білдіргім келіп тұрған жоқ. Оның үстіне Қылмыстық-процессуалды кодекстің 201-бабында көрсетілген талаптар (Сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерiн жария етуге жол бермеу) бар. Сондықтан қазіргі кезде деректер жариялауға жатпайды", - деді Бектенов.

"Демек, вице-министр ұсталды?", - деп сұрады журналистер. Бектенов: "Мен дәл қазір осы мәселеге қатысты пікір айта алмаймын", - деп қысқа ғана жауап қайтарды.