Қашықтан оқытудың бірінші күні: Оқушылар білім беру жүйелеріне белсенді түрде қосылды

0
1 098

Төртінші тоқсанды барлық қазақстандық мектептер қашықтан оқытып бастады.


Қашықтан оқытудың бірінші күні: Оқушылар білім беру жүйелеріне белсенді түрде қосылды

ERNUR.KZ. Қашықтан оқыту кезінде бүгін таңертең бастауыш сынып оқушылары білім беру жүйелерін белсенді пайдаланды. Бұл туралы бүгін онлайн брифингіде ҚР Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова мәлім етті, деп жазады ҚазАқпарат.

«Бүгінде төртінші тоқсанды барлық қазақстандық мектептер қашықтан оқытып бастады. Осы сәтті пайдаланып, баршаларыңызға сәттілік тілеймін. Баршамыз үшін бұл - үлкен сын, бірінші рет осындай форматта білім беріп жатырмыз. Сондықтан бұл тәжірибенің оңтайлы болғаны маңызды. Білім және ғылым министрлігі бірнеше күннен бері қашықтан оқытуға қатыста ақпараттандырып келе жатыр. Бүгін таңертең осы оқыту жүйелерін іске қосу басталды. Сағат 09:00-ден телесабақтар басталды, осы уақытта бастауыш сыныптар үшін жүріп жатыр. Одан басқа электронды платформаларда да сабақтар жалғасуда», - деді вице-министр.

Оның сөзіне қарағанда, бүгін таңертең бір миллионға жуық пайдаланушы электронды журналдар жүйесінде жұмыс істеді.

«Жалпы, білім саласы үшін Bilimland, «Күнделік», «Дарын онлайн» секілді оқыту тұғырнамалары тегін түрде тиісті жағдай жасауда. Сонымен қатар, телеарналарда жүріп жатқан сабақтар олардың Youtube каналдарында, сайттарында қолжетімді. Цифрлық ресурстарға қарасақ, 1 млн оқушы осы жүйелерді пайдаланып отыр. Бұл ретте өте белсенді пайдаланып отырғанын айтуға болады», - деді Шолпан Каринова.