Кәсіпкерлер коммерциялық жылжымайтын мүлік салығынан босатылады

0
921

Пияз, картоп және тазартылған майды шығаруға салынған тыйым алынды.


Кәсіпкерлер коммерциялық жылжымайтын мүлік салығынан босатылады

ERNUR.KZ. Бұл шараны «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының ұсынуымен Төтенше жағдай кезінде отандық бизнеске көмек көрсету туралы жаңа қаулыға енгізу жоспарланып отыр. Бұл туралы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы төрағасының орынбасары Ербол Өзтеміров айтты, деп жазады Azattyq Rýhy.

Алайда, бұл салықтан барлық кәсіпкерлер босатылмайды. Шағын және орта бизнес бөлек қарастырылады. Ал, ірі бизнестің жекелеген бағыттарын қолдау бойынша бөлек қолдау шаралары болады.
«Салықтан және еңбекке ақы төлеу қорынан босату бойынша шағын және орта бизнеске қатысты 29 бағытта, ірі бизнеске қатысты 10 бағыт бойынша анықталды», - дейді Ербол Өзтеміров.
Сонымен қатар, Палата кәсіпкерлерге шығын келтірген ауыл шаруашылығы өнімдерін елден шығаруға салынған тыйымның кей тұстарын шектеу бойынша жұмыс жүргізуде. Осылайша, пияз, картоп және тазартылған майды шығаруға салынған тыйым алынып тасталды.