Кәсіпкерлер Тұңғыш президентке алғыс білдірді

0
1 124

Кәсіпкерлікке бет бұру, осы бағытта халыққа барынша қолдау көрсетіп, бизнестегі алғашқы қадамдарға жол ашқан мемлекеттік бағдарламаларды қабылдағаны үшін ризашылықтарын білдірді.


Кәсіпкерлер Тұңғыш президентке алғыс білдірді

ERNUR.KZ. Еліміздің барлық бизнес-қауымдастығы атынан отандық кәсіпкерлікке танытып отырған әр қолдауыңызға аса құрмет пен шексіз алғысымызды білдіруге рұқсат етіңіз, делінген «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының хабарламасында, деп жазады BAQ. KZ.


“Егемендігімізді алып, мемлекетімізді көркейтіп, әлемнің бәсекеге қабілетті 50 елінің қатарына енгізу жолындағы жасалған әр сындарлы қадам - Қазақстанның Тұңғыш Президентінің еншісінде екені сөзсіз. Бұл жолдағы жеткен әр жетістікке тек еліміз ғана емес, барша әлем куә. Экономиканы дамытудағы алғашқы қадамдар, ауқымы кең қажетті реформалар - мұның барлығы бүгінгі көрсеткіштерге жету жолындағы Сіз қабылдаған салиқалы шешімдердің нәтижесі. Елге жаңа бағыт-бағдар беру, кеңестік дәуірден кейінгі алғашқы жылдары нарықтық экономикаға сүрінбей өту, үлкен қажырлықты қажет еткен батыл қадамдар", - дейді кәсіпкерлер.

Сондай-ақ, кәсіпкерлікке бет бұру, осы бағытта халыққа барынша қолдау көрсетіп, бизнестегі алғашқы қадамдарға жол ашқан мемлекеттік бағдарламаларды қабылдағаны үшін ризашылықтарын білдірді.

"Бұл бағдарламалардың барлығы іскерлік ахуалды жақсартып, елімізге инвестиция тартып, жеке кәсібін ашқысы келген азаматтар санын арттыруға септігін тигізді. Тәуелсіздік жылдары елімізде мыңдаған жаңа кәсіпорын мен бизнес-жобалар іске қосылды. Миллиондаған азаматтар жеке кәсібін ашып, тұрақты табыс көзін қамтамасыз етті. Нұрсұлтан Әбішұлы, Сіздің бастамаңызбен Қазақстанда «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы құрылды. Осылайша, отандық кәсіпкерлердің ортақ шаңырағына айналып, әлемдік нарықта, ел бизнесінің тең дәрежеде өзін танытуына бар мүмкіндіктер жасалды. Сіздің ұстанған сындарлы саясатыңыздың арқасында елімізде кәсіпкерлікпен айналысамын деген азаматтарға теңдесіз мүмкіндіктер жасалып, Қазақстанның бизнеске қолайлы жағдайды қалыптастырғаны еленіп, әлемдік Doing Business рейтінгісінде алдыңғы отыз елдің қатарына енді”, - делінген хабарламада.