Қаскелеңде тұрғынның телефон қуаттағышы жарылып кетті

0
603

Тұрғынның қуаттағышты қолдана бастағанына 3-4 апта болыпты.


Қаскелеңде тұрғынның телефон қуаттағышы жарылып кетті

ERNUR.KZ. Қаскелеңде Дарья Сотникова есімді тұрғанның телефон қуаттағышы жарылып кетті, деп жазады Tengrinews.kz.

Оның айтуынша, оқыс оқиға үйінде болған. Ол телефон қуаттағышын қаладағы сауда үйлерінің бірінен сатып алғанын айтады.



"Құдай сақтады, жолым болды. Телефон қуаттағышын нақты қашан сатып алғанымды айта алмаймын. Үйде басқа телефон қуаттағыштары да бар еді. Тек осыдан 3-4 апта бұрын осы құралды пайдалана бастадық. Қуаттағышты ешқашан басыңыздың жанында қоймаңыз", - деді Сотникова.