Каспий құбыр консорциумындағы апат: Қазақстан мұнай экспортын басқа бағыттар арқылы ұлғайтпақ

0
609

Бұл туралы ҚР Энергетика министрлігі баспасөз қызметінен мәлім болды.


Каспий құбыр консорциумындағы апат: Қазақстан мұнай экспортын басқа бағыттар арқылы ұлғайтпақ

ERNUR.KZ Каспий құбыр консорциумының құбыр жүйесіне зақым келуіне байланысты Қазақстан мұнай экспортын баламалы бағыттар бойынша ұлғайту мүмкіндіктерін пысықтап жатыр, деп жазады inform.kz.

Бұл туралы ҚР Энергетика министрлігі баспасөз қызметінен мәлім болды.

ҚР Энергетика министрлігі мәліметінше, Новороссийск аумағында қатты дауыл болып, бұл Каспий құбыр консорциумы терминалы жұмысына әсер еткен.

КҚК ақпаратына қарағанда, биылғы 22 наурыздағы кезектен тыс тексеру барысында арнайы үшінші жабдықтың тірегі орнынан жылжып кеткен, сондай-ақ арнайы екінші жабдықтың жүйесіне зақым келгені белгілі болды.

Осыған байланысты КҚК тиісті жөндеу жүргізу үшін аталған жабдықтардың жұмысын уақытша тоқтата тұру туралы шешім қабылдады.

«Қазіргі уақытта Энергетика министрлігі Каспий құбыр консорциумымен теңіз терминалының жұмысын қалпына келтіру мерзімдері бойынша консультациялар өткізіп жатыр. Бұл ретте мұнай экспортын баламалы бағыттар бойынша ұлғайту мүмкіндіктері пысықталып жатыр», - делінген ҚР Энергетика министрлігі ақпаратында.