Каспий теңізінде балық аулауға тыйым салынды

0
908

Қазақстанда енді ауланған балық өндірісі айтарлықтай төмендеді.


Каспий теңізінде балық аулауға тыйым салынды

ERNUR.KZ. Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде 2021 жылғы 15 қарашадан 15 наурызға дейін кәсіпшілік және әуесқойлық түрлерін қосқанда, балық аулаудың барлық түріне тыйым салынды, деп жазады Ulysmedia.kz.

Маңғыстау облысы балық инспекциясы басқармасының мәліметінше, мұндай тыйым Каспий теңізі акваториясының аумағында, Түпқараған мүйісінен (Аташ кентінің аумағы) бастап, одан әрі Атырау облысының аумағына дейін белгіленген.

«Аталған тыйымды бұзу ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің «Балық аулау және балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау ережелерін бұзу» 383-бабы бойынша жауапкершілікке әкеп соғады», - деп ескертеді мекемеден.