Каспий теңізінде экскаватор құлады – видео

0
777

Төтенше жағдай видеоға түсіп қалды.


Каспий теңізінде экскаватор құлады – видео

ERNUR.KZ. Каспий теңізінде экскаватор құлады. Оқиға 12 наурыз күні Баутино сауда теңіз портында болды, деп жазады sputnik.kz.

Экскаватор "Semarco" ЖШС жекеменшік компаниясына тиесілі платформада бір жағына ауып кеткен.
Видеодан экскаватор жүргізушісі ауа райының қолайсыздығына қарамастан жұмыс жүргізіп жатқаны көрінеді.
Жүргізуші зардап шеккен жоқ.
Баутино портының диспетчерлері қазіргі таңда экскаваторды судан алып шығу жұмысы жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.
Өңірлік ТЖД дабылды ескерту болатынын хабарлаған еді. Маңғыстау облысында солтүстіктен, солтүстік-батыстан екпіні 9-14 м/с жел соғады, күндіз облыстың батысында жылдамдығы 15-20 м/с дейін барады.

Ақтауда солтүстіктен, солтүстік-батыстан күндіз 15-18 м/с жел тұрады.