Каспий теңізінің қазақстандық бөлігіне мұнай қалдықтары төгілген (видео)

0
2 136

Қазір экология департаментінің мамандары аумақтың кімге тиесілі екенін және қандай экологиялық зардабы бар екенін тексеруді бастап кетті.


Каспий теңізінің қазақстандық бөлігіне мұнай қалдықтары төгілген (видео)

ERNUR.KZ. Каспий теңізінің қазақстандық бөлігінен мұнай қалдықтары анықталды. Маңғыстаудағы Баутино ауылының жағалауында 2 шаршы метр аумақ ластанған, деп жазады ҚазАқпарат.

Облыстық экология департаментінің мамандары ол жерді қоршауға алып, мұнайдың одан әрі жайылуына бөгет жасады. Жағалауда жүрген тұрғындар бұл жағдайды түсіріп алып, әлеуметтік желіге жүктеген. Қазір экология департаментінің мамандары аумақтың кімге тиесілі екенін және қандай экологиялық зардабы бар екенін тексеруді бастап кетті.

«Жағадағы батып кеткен кемені көтеру кезінде аз ғана мұнай өнімдері теңізге төгілгені туралы хабарлама түсті. Сондықтан, экологиялық бақылау мемлекеттік инспекторлары мен лаборатория мамандары бірлесіп, аталған оқиға орнына барып қайтты. Тиісті сынамалар алынды. Кінәлі тұлғаларды анықтап жатырмыз. Соған сәйкес жоспардан тыс тексеріс жүргізу көзделіп отыр», - дейді Маңғыстау облыстық экология департаменті басшысының орынбасары Руслан Төкенов.