Каспий теңізінің түркімен жағалауларында жүздеген итбалық пен мыңдаған балық қырылып қалды

0
3 048

2020 жылдың соңында Каспий теңізінін Ресей аумағындағы жағалалауларында бірнеше жүз итбалық қырылған еді.


Каспий теңізінің түркімен жағалауларында жүздеген итбалық пен мыңдаған балық қырылып қалды

ERNUR.KZ. Каспий теңізінің Түркіменстан аумағындағы жағалауларында жүздеген итбалық пен мыңдаған балық қырылып қалған. Теңіз шекара қызметінің бір маманының хабарлауынша, билік бұл ақпаратты жасырып отыр, деп жазады Азаттық.

2020 жылдың соңында Каспий теңізінін Ресей аумағындағы жағалалауларында бірнеше жүз итбалық қырылған еді.


"Теңіздің Балқан уәлаятындағы Түркіменбаши және Киянлы қалаларындағы жағалауларында былтыр желтоқсаннан бері итбалықтардың өлі денелері табылып жатыр. Қаңтар айында балықшылардың ауына жүздеген өлі итбалық түскен. Бұған қоса, жағалауда қырылған балықтар мен құстар жатыр", - деді теңіз шекара қызметінің маманы.


Оның айтуынша, түркімен билігі бұл ақпаратты жасырып отыр.

Ресейдің Каспий теңізінде жұмыс істеген ғылыми экспедициясы итбалықтардың қырылуына табиғи факторлар әсер еткен болуы мүмкін деген қорытынды жасаған.

Хабарларға қарағанда, итбалықтардан коронавирус және басқа да жұқпалы аурулардың вирусы анықталмаған.

Каспий итбалығы (Phoca caspica) Халықаралық табиғатты қорғау одағының Қызыл кітабына, сонымен бірге Түркіменстанның Қызыл кітабына енген.