Каспий жағалауында өртеніп жатқан қамысқа тікұшақпен 30 тонна су себілді (видео)

0
694

Қамыс екі аптадан бері өртеніп жатыр.


Каспий жағалауында өртеніп жатқан қамысқа тікұшақпен 30 тонна су себілді (видео)

ERNUR.KZ. Төтенше жағдайлар комитетінің авиациясы Атырау облысындағы өртенген қамысқа 30 тонна су шашты, деп жазады ҚазАқпарат.

Комитеттің мәліметінше, Шымкент қаласынан барған «Қазавиақұтқару» АҚ МИ-17 тікұшағы отқа оранған аумаққа 3 тоннадан 10 мәрте су шашты.

Сонымен қатар «Қазавиақұтқару» АҚ «Еврокоптер145» тікұшағымен жану аумағын бойлай ұшып шықты.

Естеріңізге сала кетейік, Атырау қаласынан 30 шақырым қашықта Каспий теңізінің жағалауында қамыс жанып жатыр. Елді мекендерге қауіп жоқ, өртті сөндіру жұмысы жалғасуда.

Қызыл жалынның ошақтары жеке-жеке орналасқан. Оқиға орны - батпақты, өсімдіктері биік. Соның салдарынан тілсіз жаудың бетін қайтару қиындап отыр. Ол жерге арнайы техника өте алмайды.

Болжам бойынша, жалын шарпыған аумақ - 110 га.

Өртті сөндіруге Атырау облысы ТЖД, «Қазавиақұтқару» АҚ, Орман шаруашылығынан, жергілікті атқарушы органдардан 82 адам, 23 техника және 2 тікұшақ жұмылдырылды.