Каспийде итбалыққа тас лақтырғандарға қатысты министрлік пікір білдірді (видео)

0
758

Инстаграм әлеуметтік желісінде демалып жатқан адамдар Каспий итбалығына тас лақтырып жатқаны туралы видео-сторис пайда болған.


Каспийде итбалыққа тас лақтырғандарға қатысты министрлік пікір білдірді (видео)

ERNUR.KZ. Отандастарымыз қауіп тудырмайтын аңға жабайылықпен жауап берді. Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет Каспий теңізінде итбалыққа тас лақтырған адамдарға қатысты пікір білдірді, деп жазады ҚазАқпарат.


«6 шілде күні Инстаграм әлеуметтік желісінде демалып жатқан адамдар Каспий итбалығына тас лақтырып жатқаны туралы видео-сторис пайда болды. Видеода көрініп тұрғандай, итбалық адамдарға шабуыл жасау ниетінсіз, қызық көріп жақындаған. Жас әрі ұшқалақ. Итбалықтардың табиғатынан айналаға қызығушылығы жоғары және олар қауіпті емес. Бірақ әрбір жыртқыш жануар өзіне шабуыл жасаса агрессия көрсете алады. Өкінішке қарай, отандастарымыз қауіп тудырмайтын аңға жабайылықпен жауап беріп, тас лақтырған», - деп жазды С.Ділдахмет Facebook-те.


Комитет өкілі азаматтарды табиғатты аялауға шақырды.


«Өзге елдерде дельфиндер, итбалықтар, морждар, тіпті акулалар адамдарға жақын жерде жүреді. Және барлығы бұған үйреніп алған. Достар! Бірлікте өмір сүрейік және табиғатты аялайық. Адам болыңыз!», - деді ол.