​Қасым-Жомарт Тоқаев 68 жасқа келді

0
1 883

Қазақстан Президенті қызметін атқарғанына екі жылдан асты.


​Қасым-Жомарт Тоқаев 68 жасқа келді

фото: ғаламтордағы ашықдереккөзден

Бүгін Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың туған күні, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қасым-Жомарт Тоқаев 1953 жылы 17 мамырда Алматыда дүниеге келген. Мемлекет басшысы 68 жасқа келді.

Өткен жылы Президенттің баспасөз хатшысы Мемлекет басшысының бұл күнді атап өтуді ұнатпайтынын, өйткені оның отбасында балалардың да, ата-ананың да туған күндерін тойлау дәстүрі жоқ екенін айтқан.


Өмірбаяны

Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев — Қазақстанның мемлекет және қоғам қайраткері, саяси ғылымдар докторы, Қазақстан Республикасының бұрынғы премьер-министрі (1999-2002), Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы (16.10.2013-20.03.2019). Қазақстан Республикасының президенті (2019 жылдың 20-шы наурызынан бастап). 2019 жылдың 9 маусымында өткен сайлауда 71% дауыспен жеңді.

Әкесі – Кемел Тоқайұлы Тоқаев (1923-1986) Ұлы Отан соғысының ардагері, белгілі жазушы, қазақ әдебиетінің детективті-шытырман оқиғалы жанрының негізін қалаушы.

Анасы – Тұрар Шабарбаева (1931-2000) Алматы шет тілдері педагогикалық институтында қызмет еткен.