Қасым-Жомарт Тоқаев Әбу-Дабидегі шейх Заид мешітінде болды

0
1 333

Мемлекет басшысы Біріккен Араб Әмірліктерінің алғашқы Президенті шейх Заид бен Сұлтан Әл Нахаянның рухына тағзым етті.


Қасым-Жомарт Тоқаев Әбу-Дабидегі шейх Заид мешітінде болды

Ресми сапармен Біріккен Араб Әмірліктерінде жүрген Қазақстан Президенті Тоқаев шейх Заид мешітіне барды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақорда ресми сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан Президенті Абу Даби қаласының ең көрікті жерлерінің бірі – шейх Заид мешітіне барып, Біріккен Араб Әмірліктерінің негізін қалаушы және алғашқы Президенті шейх Заид бен Сұлтан Әл Нахаянның рухына тағзым етті.

Қасым-Жомарт Тоқаев шейх Заид мешітіндегі Құрметті қонақтар кітабына «Өз халқының ұлы перзенті, Әмірліктердің негізін қалаушы шейх Заид бен Сұлтан Әл Нахаянның рухына тағзым етемін. Бауырлас Әмірліктер халқының ырысы мол, берекесі баянды, мерейі лайым үстем болуына шын жүректен тілектеспін!», – деген қолтаңба қалдырды.