Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президенті Дональд Трамппен кездесті

0
918

Екі ел басшылары Қазақстан мен Америка арасындағы өзекті мәселелерді талқылады.


Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президенті Дональд Трамппен кездесті

Мемлекет басшысы БҰҰ Бас Ассамблеясы 74-ші сессиясының ресми іс-шаралары аясында АҚШ Президенті Дональд Трамппен қысқа кездесу өткізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Әңгімелесу барысында екі ел көшбасшылары Қазақстан мен Американың кеңейтілген стратегиялық серіктестігінің өзекті мәселелері мен перспективаларын талқылады.

Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-пен саяси, сауда-экономикалық, гуманитарлық, сондай-ақ өңірлік және жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларындағы жан-жақты қарым-қатынастарды одан әрі нығайтуды жалғастыра беретінін атап өтті.