​Қасым-Жомарт Тоқаев Ашхабадқа барды

0
706

Қазақстан Президенті Түрікменстан басшысы Гурбангулы Бердімұхамедовпен кездеседі деп жоспарланған.


​Қасым-Жомарт Тоқаев Ашхабадқа барды

Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД мемлекеттері басшыларының Кеңесіне қатысу үшін Ашхабадқа барды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

«Қазақстан Президенті Түрікменстан басшысы Гурбангулы Бердімұхамедовпен кездеседі деп жоспарланған. ТМД елдері басшыларының саммитінде Мемлекет басшысы ұйымды одан әрі дамыту бойынша өзінің көзқарасын білдіріп, Достастық елдерінің өзара экономикалық байланыстарын арттыру шаралары бойынша нақты ұсыныстарын айтпақ», - деп жазды Facebook-те Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли.

Кеңес отырысының қорытындысы бойынша Ашхабадта бірқатар көпжақты келісімдерге қол қойылатыны күтіледі. Сондай-ақ, Екінші дүниежүзілік соғыстағы жеңістің 75 жылдығына орай ТМД халқына және әлемдік қоғамдастыққа Үндеу жарияланбақ.