Қасым-Жомарт Тоқаев: Басты мақсат – қолда бар мүмкіндіктерді толық пайдалану

0
772

Президент негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемі 11,7 пайызға өскенін атап өтті.


Қасым-Жомарт Тоқаев: Басты мақсат – қолда бар мүмкіндіктерді толық пайдалану

ERNUR.KZ. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы экономикалық көрсеткіштер халықтың тұрмысына оң ықпал ететінін айтты, деп жазады ҚазАқпарат.

«Күн тәртібі бойынша бірқатар өзекті мәселелер бар. Бұл мәселелер бойынша біз тиісті шешімдерді қабылдауымыз қажет. Алдымен өткен жарты жылдың әлеуметтік-экономикалық даму қортындыларын қарастырамыз. Жалпы, қаңтар-маусым айларында жақсы көрсеткіштерге қол жеткіздік деп айтуға болады. Атап айтсақ, экономикалық өсім 4,1 пайызды құрады. Инфляцияның жылдық көрсеткіші 5,4 пайыз болды», - деді Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Сонымен қатар, Президент негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемі 11,7 пайызға өскенін атап өтті.

«Әрине, аталған экономикалық көрсеткіштердің барлығы халықтың тұрмысына оң ықпал етуі тиіс. Қазір осы бағытта тиісті жұмыстарды талқылап, алдағы жоспарларды анықтаймыз. Басты мақсат – қолда бар мүмкіндіктерді , әлеуетімізді толық пайдалану. Аталған жетістіктерімізді еселеуіміз керек», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.