Қасым-Жомарт Тоқаев бір күндік табысын жарылыстан зардап шеккендерге аударды

0
806

Мемлекет басшысының бастамасына Президент Әкімшілігінің қызметкерлері де қосылды.


Қасым-Жомарт Тоқаев бір күндік табысын жарылыстан зардап шеккендерге аударды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің бір күндік еңбек ақысын жарылыстан зардап шеккендерге көмек беру қорына аударды. Бұл туралы Мемлекет басшысы баспасөз қызметінің жетекшісі Берік Уәли Facebook желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


- Арыстағы төтенше жағдай қазақстандықтарды бей-жай қалдырмады. Ел басына түскен ауыртпашылықтан ешкім шет қалған жоқ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзі жеке көмек беруді ұйғарды. Ал, Президент Әкімшілігінің қызметкерлері бір күндік еңбек ақыларын жарылыстан зардап шеккен Арыс қаласының тұрғындарына көмек көрсету қорына аударатын болды, деп жазды Берік Уәли.