Қасым-Жомарт Тоқаев: "Елбасының 80 жасқа толған мерейтойын атап өтеміз"

0
711

Қасым-Жомарт Тоқаев Тұңғыш Президенттің өзіне қолдау көрсеткенін айрықша атап өтті.


Қасым-Жомарт Тоқаев:

ERNUR.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейдің «Комсомольская правда» газетіне берген сұхбатында ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тарихи рөлі туралы пікір білдірді, деп жазады ҚазАқпарат.

«Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев –қазіргі Қазақстанның негізін қалаушы, ауқымы кең тарихи тұлға. Жақында (6 шілде күні) біз Елбасының 80 жасқа толған мерейтойын атап өтеміз. Әрине, оның еліміз бен халықаралық қауымдастық алдындағы еңбегі жөнінде айтамыз. Біз үшін оның тарихи және саяси мұрасын сақтап қалу маңызды. Бұл Қазақстанның мемлекеттілігін нығайту үшін аса қажет. Сондықтан, менің сайлауалды бағдарламамның алғашқы пункті сабақтастық деп аталды»,-деп жауап берді Президент тілші сұрағына.

Сонымен бірге, Қасым-Жомарт Тоқаев Тұңғыш Президенттің өзіне қолдау көрсеткенін айрықша атап өтті.

«Қазіргі күрделі жағдайда Н.Назарбаев менің дағдарыстан жедел шығу, жаңа экономика құрып, азаматтарға материалдық көмек беру жөніндегі бағытыма нақты қолдау көрсетті. Ешқандай қос билік жоқ. Бұл туралы Нұрсұлтан Әбішұлының өзі де бірнеше рет айтты және қоғамды қазіргі Президенттің айналасына бірігуге шақырды»,-деді ҚР Президенті.

Еске салайық, бүгін Мемлекет басшысының Ресейдің «Комсомольская правда» газетіне сұхбаты жарияланды.