Қасым-Жомарт Тоқаев француз халқына көңіл айтты

0
1 352

Хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын жеткізді.


Қасым-Жомарт Тоқаев француз халқына көңіл айтты

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жак Ширактың қазасына байланысты француз халқына көңіл айтты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Twitter-дегі парақшасында жазды

«Францияның бұрынғы президенті Жак Ширактың қаза болғаны туралы хабарды терең күйзеліспен қабылдадым. Ол елдеріміз арасындағы ынтымақтастықтың нығаюына елеулі үлес қосқан көрнекті саясаткер ретінде жадымызда сақталады. Президент Эммануэль Макронға және бүкіл француз халқына қайғыларына ортақтасып көңіл айтамын»,- делінген жазбада.

Бұған дейін Францияның бұрынғы президенті Жак Ширактың қайтыс болғандығын хабарлаған болатынбыз.