Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды еңбек күнімен құттықтады

0
2 971

Біз еңбекқор ұлт болуымыз керек!


Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды еңбек күнімен құттықтады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды еңбек күнімен құттықтады, деп хабарлайды ERNUR.KZ. Бұл туралы мемлекет басшысы өзінің Twitter парақшасыда жазды.

«Еңбек күні құтты болсын, отандастар! Біз Қазақстанның даму жолында күш-жігерін жұмсап, жетістікке жеткен барша еңбек адамдарына лайықты құрмет көрсетеміз. Әсіресе, ардагерлерімізге айырықша алғыс айтамыз. Еңбек - бәрін жеңбек. Әрбір еңбек бағалы! Біз еңбекқор ұлт болуымыз керек!», - деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.

Айта кетейік, 2013 жылы президент жарлығымен қыркүйек айының соңғы жексенбісі еңбек күні болып белгіленген.