Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Ғарышкерлер күнімен құттықтады

0
784

Байқоңыр - ғарыш кеңістігін игерген адамзат жетістігінің символы - Президент.


Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Ғарышкерлер күнімен құттықтады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Ғарышкерлер күнімен құттықтады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

«Баршаңызды бүгінгі тамаша мереке - Ғарышкерлер күнімен құттықтаймын! Қазақстан әлемдік космонавтиканың дамуына зор үлес қосқаны сөзсіз. Байқоңыр - ғарыш кеңістігін игерген адамзат жетістігінің символы. Қазақ ғарышкерлерін мақтан тұтамыз!», деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter парақшасына.