Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстанға мемлекеттік сапармен барады

0
736

Мемлекет басшысы Бішкек қаласында өтетін ҰҚШҰ Қауіпсіздік кеңесінің сессиясына қатысады.


Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстанға мемлекеттік сапармен барады

27 қарашада Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан Президенті Сооронбай Жээнбековтің шақыруымен Қырғызстанға мемлекеттік сапармен барады, деп хабарлайды ERNUR.KZ Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәлиге сілтеме жасап.

Келіссөздер барысында екі ел басшылары Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы стратегиялық серіктестіктің қазіргі ахуалы мен перспективаларын талқылайды және кездесу қорытындысы бойынша бірқатар екіжақты құжаттарға қол қояды деп жоспарлануда.

28 қарашада Мемлекет басшысы Бішкек қаласында өтетін Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы (ҰҚШҰ) Қауіпсіздік кеңесінің сессиясына қатысады.

Іс-шаралардың күн тәртібінде Ұйым жұмысы аясындағы өзара іс-қимылдарға қатысты көптеген мәселелер қарастырылып, ҰҚШҰ-ның биыл атқарған жұмыстары бойынша басым бағыттардың жүзеге асырылуы қорытындыланады деп жоспарланған.