Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуде Ұлы Отан соғысы батырларының рухына тағзым етті

0
1 293

​Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Белгісіз жауынгер бейітіне гүл шоғын қою рәсіміне қатысты.


 Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуде Ұлы Отан соғысы батырларының рухына тағзым етті

ERNUR.KZ. Қазақстан Президенті Белгісіз жауынгер бейітінің жанындағы Мәңгілік алауға гүл шоғын қойды, деп жазады Ақорда баспасөз қызметі.

Ұлы Отан соғысында қаза тапқан батырлардың рухына тағзым етті. Рәсім соңында Мемлекет басшысы Құрмет қарауылының сап түзеп өткен салтанатты маршын көрді.

Александр бағындағы Мәскеу Кремлінің қабырғасын бойлай орналасқан «Белгісіз жауынгер бейіті» Мемориалдық сәулет кешені Мәскеу үшін соғысқан жауынгерлердің құрметіне 1967 жылы салынды. Кешенге Ресей мәдени мұрасының нысаны, сондай-ақ, Жалпыұлттық әскери даңқ мемориалы мәртебесі берілген.