Қасым-Жомарт Тоқаев ПТР зертханаларының саны мен қуатын арттыруды тапсырды

0
800

Қасым-Жомарт Тоқаев инфекция ошақтарындағы жұмыстарға мобильді зертханаларды ұйымдастыру қажеттігін айтты.


Қасым-Жомарт Тоқаев ПТР зертханаларының саны мен қуатын арттыруды тапсырды

ERNUR.KZ. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев зертханалық зерттеулердің тиімділігін арттыруды, реагенттерді үздіксіз жеткізуді, ПТР зертханаларының саны мен қуатын арттыруды тапсырды, деп жазады ҚазАқпарат.

«Азаматтар зертханалардың маңындағы ұзын-сонар кезекке, кезекте санитарлық нормалардың сақталмауына әділ шағымдарын жасауда. Осының барлығы инфекция жұқтырудың қатеріне алып келеді. Сондықтан індетті жұқтыруды алдын алу мен орталықтандырылған түрде бөлу мен есепке алуды қамтамасыз ету мақсатында ПТР-тестіні қатаң түрде онлайн тіркеумен немесе Call-орталық арқылы жүргізу керек», - деді Мемлекет басшысы коронавирус індетінің таралуына қарсы күрес шаралары жөніндегі кеңесте.

Осы орайда Қасым-Жомарт Тоқаев инфекция ошақтарындағы жұмыстарға мобильді зертханаларды ұйымдастыру қажеттігін айтты. Әсіресе, ауылды жерлерде осындай зертханалар қамтылуы тиіс. Бұл тұрғыда Президент мобильді қызметтерді ары қарай дамытуға қаржы бөлуді жүктеді.