Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясы Үкіметінің делегациясын қабылдады

0
324

Кездесу барысында Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда-экономикалық және отын-энергетикалық қатынастарды нығайтудың перспективалары, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы ықпалдастық мәселелері талқыланды.


Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясы Үкіметінің делегациясын қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Каспий құбыр желісі консорциумының 25 жылдығына арналған салтанатты жиын аясында Ресей Федерациясы Үкіметі делегациясының құрамындағы Ресей Үкіметі төрағасының орынбасарлары Александр Новак пен Алексей Оверчукті қабылдады, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Кездесу барысында Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда-экономикалық және отын-энергетикалық қатынастарды нығайтудың перспективалары, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы ықпалдастық мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар жасыл энергетика, атом өнеркәсібі, көлік және логистика салаларын дамытуға, вакцинация паспорттарын өзара мойындауға қатысты екіжақты ынтымақтастықтың өзекті проблемалары қарастырылды.