Қасым-Жомарт Тоқаев Роза Рымбаеваға онлайн-концерт үшін алғыс білдірді

0
716

Күнде кешке YouTube-арнасының тікелей эфирінде танымал қазақстандық жұлдыздардың онлайн концерті өтеді.


Қасым-Жомарт Тоқаев Роза Рымбаеваға онлайн-концерт үшін алғыс білдірді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев эстрада әншісі Роза Рымбаеваға онлайн-концерті үшін алғыс айтты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы мемлекет басшысы өзінің Twitter-дегі парақшасында жазған.

«Жезтаңдай әнші, Еңбек Ері Роза Рымбаеваның онлайн концерті – халықтың рухын көтеретін нағыз өнер туындысы. Әлем елдеріне үлгі боларлық дүние. Розаға және барша мәдениет қайраткерлеріне халықпен бірге болып, шығармашылығымен қолдау көрсеткендері үшін алғыс айтамын. #Birgemiz», - деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.

Айта кетейік, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі елдегі төтенше жағдай кезеңінде бірнеше онлайн-жобаны жүзеге асыруда. Олардың арасында «Карантиндегі жұлдыз» жобасы бар.

Күнде кешке YouTube-арнасының тікелей эфирінде танымал қазақстандық жұлдыздардың концерті өтеді. Өздерінің онлайн-концерттерін бұған дейін Жұбаныш Жексенұлы, Жеңіс Сейдоллаұлы, Ғаділбек Жанай берген болатын. 26 наурыз күні кешке қазақстандықтарды өз әндерімен Роза Рымбаева қуантты.