Қасым-Жомарт Тоқаев сайлауға түсе ме - Президенттің баспасөз хатшысының жауабы

0
1 340

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына үндеу жолдап, кезектен тыс Қазақстан Президенті сайлауы 2019 жылдың 9 маусымында өтетінін жариялаған еді.


Қасым-Жомарт Тоқаев сайлауға түсе ме - Президенттің баспасөз хатшысының жауабы

ERNUR.KZ. Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Құрманғали ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың алдағы кезектен тыс президент сайлауына түсуіне қатысты пікір білдірді, деп жазады ҚазАқпарат.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңына сәйкес, Президенттікке үміткерлерді ұсыну құқығы республикалық қоғамдық бірлестіктерге, соның ішінде саяси партияларға тиесілі. Осыған байланысты, Президент сайлауына кандидат ретінде қатысу туралы шешімді республикалық қоғамдық бірлестік (саяси партия) жоғары органы (съезд) қабылдайды», - деді Берік Құрманғали.

Бұдан бұрын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына үндеу жолдап, кезектен тыс Қазақстан Президенті сайлауы 2019 жылдың 9 маусымында өтетінін жариялаған еді.