Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Қостанай облысына келді

0
974

Мемлекет басшысы Қазақстан-Ресей жастарының ынтымақтастық форумына қатысады деп жоспарланған


Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Қостанай облысына келді

Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Қостанай облысына келді. Бұл туралы Президентітң баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

«Сапар барысында Мемлекет басшысы Қазақстан-Ресей жастарының ынтымақтастық форумына қатысады деп жоспарланған. Сонымен қатар, Қазақстан Президенті өңірдің бірқатар кәсіпорындары мен шаруа қожалықтарын аралап, Қостанай қаласы әкімдігі қоғамдық қабылдауының жұмысымен танысады», - деп жазады Берік Уәли.