Қасым-Жомарт Тоқаевтың 42 жыл бұрын түскен суреті жарияланды

0
2 573

Сурет сенбілік кезінде түсірілген.


Қасым-Жомарт Тоқаевтың 42 жыл бұрын түскен суреті жарияланды

Қазақстан Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында Қасым-Жомарт Тоқаевтың жас кезіндегі суретін жариялады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

"1979 жыл. Подмосковьедегі сенбілік. Бұл кезде Қасым-Жомарт Кемелұлы КСРО Сыртқы істер министрлігінде атташе қызметін атқарып жүрген болатын", - деп жазған Берік Уәли.

Кадрларда Мемлекет басшысы ақ жейде мен джинсы киген.

Қазақстандықтар суретке пікір жазып жатыр.

"Өмір жасы ұзақ болсын!", "Тамаша, әдемі, сымбатты болған екен біздің президент. Сурет пен ақпаратты инстаграмға ұрладым", "Кеңес кезінде Москвада жұмыс істеу әр-бір жастың арманы болғаны шындық. Бұл бақыт жүзден жүйрік, мыңнан тұлпарларға ғана бұйырған болатын. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай!", - деп жатыр Желі қолданушылары.