Катардан келген гуманитарлық көмек екі ай өтсе де халыққа әлі таратылмаған

0
905

Бүгінде қоймада тұрған бұл өнімдердің жалпы салмағы 8,5 мың тонна. Оның ішінде 500 мыңға жуық маска, арнайы қорғаныс киімдері мен көзілдіріктер бар.


Катардан келген гуманитарлық көмек екі ай өтсе де халыққа әлі таратылмаған

ERNUR.KZ. Мемлекет басшысының үндеуінен кейін біраз блықтың беті ашыла бастады. Өңірлерде ауқымды тексеру жұмыстары жүргізіліп дәр тапшылығын қолдан жасап немесе тым қымбат бағаға сатқан дәріханалар анықталып жатыр, деп жазады Skifnews.kz.

Енді міне еліміздегі дәрі-дәрмек саласына жауапты «СК-Фармация» компаниясына қатысты үлкен мәселенің беті ашылып келеді. Нақты айтар болсақ, аталмыш мекеме гуманитарлық көмек ретінде шетелден келген дәрі-дәрмек пен медициналық құралдарды елге тараптай қоймада сақтап отырған.

Кейбір ақпарат құралдарының жазуынша, мамыр айында Катардан келген гуманитарлық көмек әлі таратылмаған. Яғни медициналық өнімдер шаң басып әлі қоймада тұрып келген. Ал халық дәрі таппай тентіреп жүр.

«СК-Фармация» бұл олқылықтарын «құзыреті» болмағанымен түсіндірген. Айтуларынша, қазіргі уақытта «СК-Фармация» компаниясы дәрі-дәрмек тарату құқынан айырылған. Осыған байланысты келген көмектер шаң басып жатып қалған.


«Төтенше жағдай кезінде, Мемлекеттік комиссияның шешімімен, аталған компания гуманитарлық көмекті бөлу бойынша бірыңғай оператор ретінде айқындалған. Сәйкесінше шетелден келген қайырымдылық жүгін қабылдап алып, Денсаулық сақтау министрлігімен келісе отырып, аймақтар арасында теңдей бөлумен айналысқан. Төтенше жағдай тұсында коронавирус індетімен күрес мақсатында Қазақстанға АҚШ, Қытай, Оңтүстік Корея, Жапония, Түркия, Үндістан, БАӘ және Пәкістан мемлекеттерінен, ірі қазақстандық және жаһандық компаниялардан гуманитарлық көмек келіп түсті. Әрі қарай бұл жәрдем медициналық ұйымдарға жеткізу үшін денсаулық сақтау басқармаларына жолданып отырды. Алайда, 2020 жылдың 11 мамыры ТЖ аяқталып, біздің де операторлық қызметіміз тоқтады. Сонымен қатар, катарлық медицина өнімдерінің ілеспе және сапаны растайтын құжаттары болмаған», – деп мәлімдеме жасапты «СК-Фармация» ЖШС баспасөз хатшысы Әйгерім Смайылова.


Баспасөз хатшының айтуынша, Катардан Қазақстанға гуманитарлық көмек 2020 жылдың 21 мамыры келген. 4 шілдедегі Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен «СК-Фармация» қайта оператор мәртебесін иеленіп отыр.

Тағы бір айта кетерлігі, қазіргі уақытта, «СК-Фармация» ЖШС жұмысын жемқорлыққа қарсы қызмет тексеріп жатыр.


Бүгінде қоймада тұрған бұл өнімдердің жалпы салмағы 8,5 мың тонна. Оның ішінде 500 мыңға жуық маска, арнайы қорғаныс киімдері мен көзілдіріктер бар көрінеді.

Катар елінен келген медициналық бұйымдар құрамы мынадай:

– 22 мың бір реттік қорғаныш маскалары;
– N95 медициналық қорғану маскасы 67 000 дана;
– 175x95mm бір реттік маскалар 74 000 дана;
– 17.5cm x 9.5cm хирургиялық маскалар 20 000 дана;
– N95 медициналық қорғану маскасы2 500 дана;
– LONNY медициналық қорғану маскасы 39 825 дана;
– 17.5cm x 9.5cm қорғаныш санитарлық маскалар 119 918 дана;
– Бет маскалары 17.5×9.5cm 96 000 дана;
– Бір реттік қорғаныш бет маскалары 3 900 дана;
– Пластикалық маскалар 9 350 дана;
– 330×220 mm пластикалық маскалар 2 880 дана;
– 175(L) арнайы костюм 560 дана;
– 185cm (XXL) қорғаныш костюмі 40 дана;
– Медициналық қорғаныш костюмі (170, 175, 180 cm бір реттік қолдануға арналған) 2 760 дана;
– (L) хирургиялық костюмі 32 600 дана;
– OBAOLAY қорғаныш көзілдіріктері 29 990 дана.