Қатерлі ісікке алып келеді: Мамандар гель лактың зияны туралы айтты

0
2 952

​Гель лактары тырнақтың ауыр проблемаларына әкелуі мүмкін.


Қатерлі ісікке алып келеді: Мамандар гель лактың зияны туралы айтты

ERNUR.KZ. Мұндай маникюр тіпті қатерлі ісік ауруын тудыруы мүмкін. Бұл туралы дерматолог, медицина ғылымдарының докторы Юлия Галлямова айтып берді, деп жазады Stan.kz.

Гель маникюр қауіпсіз процедура деп танылғанымен, оның өзіндік зияны бар. Гель лакты жаққан кезде тырнақ табақшасының жоғарғы бөлігі тазаланады. Бұл тырнақтың ішкі бөлігіне әртүрлі инфекциялардың түсуіне әкеліп соғады.

"Жақсы маман болса тырнақтың үстін батырып тазаламайды. Ал білмейтін мамандар тырнақтың жоғарғы бөлігін тереңінен тазалайды. Бірақ қандай жағдай болмасын тырнақтың жоғарғы бөлігіне микроб түседі", - дейді дәрігер.

Сондай-ақ, мұндай процедураның жеке қауіптілігі ультрафиолет сәулелерінің әсер етуі болып табылады, өйткені субунгальді меланоманың пайда болу қаупі бар, деп атап өтті Галлямова.

"Гельдік лакты қатыратын ультрафиолет шам меланоманы қоздырады деп айта алмаймыз. Мұны қазір нақты айту мүмкін емес. Бірақ теориялық тұрғыдан бұл өлімге әкелетін оқиғалар тізбегіндегі қоздырғыш немесе соңғы фактор болуы мүмкін", - деп түсіндірді ол.

Дәрігер жарты жылда бір рет тырнақты демалдыру керек екенін айтады. Өйткені тырнақ демалып, қайта қалыптасуы керек.