Қатты жүріп келе жатқан көліктен құлап көз жұмды

0
1 341

Полиция әйел адамды мұндай қадамға не жетелегенін анықтауы тиіс.


Қатты жүріп келе жатқан көліктен құлап көз жұмды

фото:Sputnik

ERNUR.KZ. Алматыда сәрсенбіге қараған түні Саин көшесінде жол апатынан әйел адам қайтыс болды, деп хабарлайды құқық қорғау органдары Sputnik агенттігіне.

Оқиға куәгерлерінің сөзіне сүйенсек, Nissan Murano Саин көшесімен оңтүстік бағытта кетіп бара жатады, кенет неге екені белгісіз 1979 жылы туған әйел адам көліктен әдейі секіріп кеткен немесе құлап қалған. Ол алған жарақатынан жедел жәрдем келгенше көз жұмды. Көлік оқиға орнынан қашып кеткен жоқ.