Қазақ балуаны Азия чемпионы атанды

0
1 028

Нұрқожа Қайпанов (74 келі) күміс медальға ие болды.


Қазақ балуаны Азия чемпионы атанды

ERNUR.KZ. Қазақстандық спортшы Азамат Дәулетбеков (86 келі) еркін күрестен Азия чемпионатының алтын жүлдесін жеңіп алды, деп жазады Sputnik Қазақстан.

Ақтық белдесуде Дәулетбеков үндістандық Дипак Пуния кездесті. Бірінші кезеңінде Дәулетбеков сәтті әдіс жасап, бір ұпаймен алған шыққан. Артынан сылбыр қимылдағаны үшін ескерту алып, бір ұпайын беріп қойды.
Бірақ қазақ балуаны тағы екі ұпайын жұлып алды. Сөйтіп, 3:1 есебімен алға шықты. Ал екінші кезеңде тағы үш ұпайға ие болды. Осылайша, 6:1 есебімен жеңіске жетіп, Азия чемпионы атанды.
Жартылай финалда Дәулетбеков қырғыз балуаны Саяқбай Юсуповты айқын басымдықпен (10:0) жеңген.
Айта кетері, бүгін Ақбар Құрбанов (61 келі) қола жүлдені жеңіп алса, Нұрқожа Қайпанов (74 келі) күміс медальға ие болды.