Қазақ балуаны Қытай чемпионатында бас жүлдені жеңіп алды

0
815

Қытайдағы балуандардың кіл мықтысын анықтайтын бұл жолғы респуликалық байрақты бәсекеге 137 командадан 1120 спортшы қатысқан.


Қазақ балуаны Қытай чемпионатында бас жүлдені жеңіп алды

ERNUR.KZ. Ланжоу қаласында өткен 2019 жылғы еркін күрес түрінен Қытай чемпионатында қазақ балуаны Ерланбек Кәтейұлы тағы да алтын медальға ие болды, деп жазады ҚазАқпарат.

Ерланбек Кәтейұлы еркін күрестен алтын медалды жеңіп алды. Қытайдағы балуандардың кіл мықтысын анықтайтын бұл жолғы респуликалық байрақты бәсекеге 137 командадан 1120 спортшы қатысқан.

9 күн бойы 10 түрлі салмақ бойынша бақ сынаған чемпионатта қандасымыз, Гансу өлкесінің балуаны Ерланбек Кәтейұлы 65 келі салмағында бас жүлдені еншілеген.