​Қазақ ертегілері литва тілінде жарық көрді

0
2 694

Педиатрия орталығында ем алып жатқан балаларға сыйға берілді.


​Қазақ ертегілері литва тілінде жарық көрді

ERNUR.KZ. Литвадағы Қазақстан Елшілігі «Рұхани жанғыру» бағдарламасы мен «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаланың басты қағидаларын іске асыру шеңберінде литва тілінде қазақ ертегілерінің жинағын баспадан шығарды, деп жазады Baq.kz.

Енді жануарлар айтысы, қарлығаш пен «Қаңбақ шал» туралы аңыздар, «Алдар көсенің» қылықтары мен қазақ ертегілерінің басқа да танымал кейіпкерлері туралы шытырман оқиғалар кішкентай литвалық оқырмандар мен олардың ата-аналары үшін қол жетімді болады. Кітаптің алғашқы басылымдары мен Рождество мерекесіне орайластырылған сыйлықтар Вильнюс қалалық емханасының Педиатрия орталығында ем алып жатқан балаларға сыйға берілді.

Балаларды кітаппен таныстыра отырып, Қазақстанның Литвадағы Елшісі Виктор Темірбаев еліміз туралы қызықты фактілерге тоқталып өтті. Атап айтқанда, Елші алма мен қызғалдақтың әлемге қазіргі Қазақстан аумағынан тарағаны мен алғаш рет жылқыны Ұлы дала көшпенділері қолға үйреткені туралы әңгімелеп берді.

Литвалық балдырғандардың бірнеше буыны бағдарламаларын көріп өскен танымал теле және радио диктор Бернадета Лукошюте Педиатрия орталығының жас сырқаттарына қазақ ұлттық ертегілерінің кейіпкерлері туралы бірнеше ертегі оқып берді. Осы ретте айта кетері, қазақ ертегілері бүлдіршіндерге арналған литвалық радиода эфирге беріледі деп күтілуде. Жақын күндері, қазақ ертегілерінің жинағының жүздеген данасы Литва кітапханалары мен мектептеріне таратылады.

Сонымен қатар, кітаппен 2019 жылы ақпанда өтетін «Vilnius Book Fair» кітап жәрмеңкесінде танысуға болады. Бұл жерде, жинақтың ресми тұсаукесері де өтеді.