Күй орындаған көзі зағип жастарға тәнті болған көпшілік оларды жұлдыздардан жоғары бағалады (видео)

0
1 754

ERNUR.KZ. Әлеуметтік желіде үш аспапта бірігіп Құрманғазының «Сарыарқа» күйін нәшіне келтіре орындаған жастардың видеосы таралды. Оған разы болған желі қолданушылары алғыстарын жаудырып, оларды бүгінгі эстрада жұлдыздарымен салыстырды.

«Сарыарқа» күйін ерекше ықыласпен орындаған жастардың көзі көрмейтін зағип жандар екенді алғашында байқалмайды. Бірі домбыраның құлағында ойнаса, екіншісі шаңқобызбен ілесіп, үшіншісі оны синтезатормен керемет сүймелдей білген. Тіпті, шаңқобызда ойнаған бойжеткеннің құлағындағы қазақша үлгідегі сырғасы да әуенмен бірге тербеледі.

Видеоны желіге салғандар бұл жастардың көзі көрмейтін зағиптар екенін айтқан. Әлеуметтік желі қолданушылары оларға алғыстарын молынан жаудырып, ыстық ілитпаттарын жеткізген. Бірі «Мен кереметпін, мен жұлдызбын, мен баймын дейтіндер қайда? Әне, нағыз жұлдыздар! Фонограммамен бір өлең айтып жұлдызбын деп шалқаятындарды көргенде құрысып қаламын. Мыналарға қолдау көрсетіңдер!» деп ойын білдірсе, өзегсі «Кең даланы әкеп жайып тастады-ау, шіркін! Міне, сендерге талант керек болса!», «Өкімет осындай өнерпаздарды қолдаса, тіптен керемет болады!», «Халыққа концерт берсеңдер», «Көзі көрмесе де көкірегі ояу, жүрегі таза... Керемет, нағыз талант деп осыны айт!» деген пікірлерін жеткізді.

Пікір білдірушілердің арасында «Олар соқыр емес, мына біздің қоғам және біздер соқырмыз! Осындай қасымызда көкірегі ояу жандарға қол ұшын бермей және халықтың алдына шығара алмай жүрген» дегендері де болды.

Бұл видеодағы өнерлі жастардың қай жақтың тұрғыны белгісіз. Қытай жеріндегі қазақтар болуы мүмкін деген де пікір бар желіде.

Видео әлеуметтік желіден алынды