Қазақ телевизиясының ардагері дүниеден озды

0
1 034

Әміролла Сарым - Мәжіліс депутаты Айдос Сарымның әкесі.


Қазақ телевизиясының ардагері дүниеден озды

Мәжіліс депутаты Айдос Сарымның әкесі Әміролла Сарымов дүниеден озды. Қаралы хабарды ҚР Президентінің көмекшісі Ерлан Қарин жеткізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


«Әміролла Сарым қазақ телевизиясы мен радиосының дамуына зор үлес қосқан ардагер журналист болатын. Осыдан бірнеше жыл бұрын «Қазақстан» корпорациясында қызмет еткенде ағамызбен жиі жүздесіп, пікір алмасқан едік. Ол сырқатына қарамай, қазақ телевизиясының 60 жылдығын ұйымдастыруға белсене атсалысты. Парасатты, салмақты, ерекше мейірімді кісі еді», - деп жазды Қарин.

Мәжіліс депутаты Айдос Сарым пандемия талаптарына сай ырым-жоралғыларды шектеуге мәжбүр екенін хабарлады. Марқұмның жаназасы 14 сәуірде сағат 10:00-де Паримбетов 9а көшесіндегі (Алматы қаласы, Жандосов көшесінің бойы, Таугүл ықшамауданы) мешітте шығарылады.