Қазақ тілі мен әдебиетін бөлек оқыту мәселесі қарастырылып жатыр

0
504

​Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің қауымдастығы құрылды.


Қазақ тілі мен әдебиетін бөлек оқыту мәселесі қарастырылып жатыр

ERNUR.KZ. Басқа тілдерде оқытатын мектептерде қазақ тілі мен әдебиетін бөлек оқыту мәселесі қарастырылауда. Қазір сарапшылар тобы құрылды. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов аппарат жиналысында мәлім етті, деп жазды inbusiness.kz.

"Біріншіден, Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің қауымдастығы құрылды. Ол қаңтар айында жұмысқа кірісті. Екіншіден, қазақ тілі мен әдебиетінен үлгілік оқу бағдарламаларын жетілдіру жұмыстарын ұйымдастыру қолға алынды. Бүгінгі таңда типтік бағдарламаларды жетілдіру бойынша жұмыс тобы құрылып, министрдің бұйрығымен бекітуге жіберілді. Үшіншіден, басқа тілдерде оқытатын мектептерде қазақ тілі мен әдебиетін бөлек оқыту мәселесін қарастыратын кәсіби сарапшылар тобы құрылды. Бұл мәселе талқылануда", – деді Асхат Аймағамбетов.

Сонымен қатар, министр қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің съезінде көтерілген мәселелер бойынша жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті.

"Бұл тақырыптардың барлығы биылғы жылы жүзеге асырылады", – деп түйіндеді министр.