Қазақ тіліндегі ас мәзірін сұраған адамды шығарып жіберген дәмхана қызметкері қамалды

0
1 085

​Дәмхана қызметкері мемлекеттік тілдегі ас мәзірін сұраған адамның телефонын жұлып алып, өзін күштеп шығарып жіберген.


Қазақ тіліндегі ас мәзірін сұраған адамды шығарып жіберген дәмхана қызметкері қамалды

ERNUR.KZ. Ақтауда дәмхана әкімшісі клиентпен болған жанжалдан кейін 10 күнге қамауға алынды, деп жазады Sputnik Қазақстан.

Жанжал 19 маусымда шамамен кешкі сағат 20.15- те болған.

"Дәмханаға келуші мемлекеттік тілдегі ас мәзірін сұраған. Ал мекеме әкімшісі балағат сөздер айтып, оның ұялы телефонын жұлып алып, дәмханадан күштеп шығарып жіберген", - деп хабарлады соттағылар.

Соттың қаулысымен дәмхана қызметкері әкімшілік құқықбұзушылықтар кодексінің 434-бабының бірінші бөлімі бойынша кінәлі деп танылды. Оған 10 тәулікке әкімшілік қамауға алу түріндегі жаза кесілді.

Кодекстің бұл бабы бес айлық есептік көрсеткіш көлеміндегі айыппұл немесе он тәулікке дейін әкімшілік қамауға алуды қарастырады.

Қаулы әлі заңды күшіне енген жоқ.