​Қазақ жігіті Меккеде әжесін арқалап жүр (видео)

0
3 051

Кезінде анам арқалап жүретін еді. Енді міне кезек немересінде.


​Қазақ жігіті Меккеде әжесін арқалап жүр (видео)

ERNUR.KZ. Шерхан есімді қазақ жігіті Меккеде әжесін арқалап, құлшылығын өтеп жүр, деп жазады stan.kz.

Қазақта “Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да қарызыңнан құтыла алмайсың” деген тәмсіл бар. Бүгінде ата-анасын Меккеге апарып, бесінші құлшылығын орындап жүрген жастар көп. Қазақтың сондай тағы бір жігіті әжесін Меккеде арқалап жүр.


“Әжесін қажылықта арқалап жүрген Шерхан бауырымыз. Ниетің қабыл болсын Шәке!”, деп пікір жазды журналист Ерқанат Көпжасар.

“Жаным бауырым ғой. Кезінде анам арқалап жүретін еді. Енді міне кезек немересінде, анамды арқалап жүр жаным. Алланың нұры жаусын, ардақтым”, деп жазды әпкесі.

“Ниеті қабыл болсын! Қандай керемет. Бізге де нәсіп болса екен”, – деп жазды желідегілер.