«Қазақфильм» киностудиясына жаңа президент тағайындалды

0
764

9 тамызда Бақыт Қайырбеков қызметінен кеткен болатын.


«Қазақфильм» киностудиясына жаңа президент тағайындалды

ERNUR.KZ. Арман Асенов «Қазақфильм» басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды ktk.kz.

Айта кетейік, 9 тамызда Бақыт Қайырбеков "Қазақфильм" президенті қызметінен кеткен болатын.

Арман Асенов 1972 жылы 17 сәуірде дүниеге келген, актер, продюсер. 2017 жылдың 6 қаңтарынан бүгінге дейін "Республика алаңы" ЖШС директоры болып қызмет еткен. 1995-2000 жылдары "Қазақфильм" АҚ продюсері қызметін атқарып, осы күнге дейін киностудияда түрлі қызметтерде болған. Қазақстан Жастар одағы премиясының лауреаты. Бірқатар мемлекеттік және мерейтойлық медальдармен мараптталған.