"Қазақконцерт" ұйымының жаңа басшысы тағайындалды

0
1 381

19 ақпан, 2018. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің бұйрығымен Жеңіс Сейдуллаұлы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының директоры болып тағайындалды, - деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Жеңіс Сейдуллаұлы – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, өнер магистрі. Республикалық эстрада өнері студиясында «Эстрада вокалы» бөлімінде, Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының «Эстрадалық өнер» мамандығы бойынша білім алған.

Түрлі жылдары Жеңіс Сейдоллаұлы Сүйінбай атындағы облыстық филармония оркестрінің әртісі, «Гүлдер» Мемлекеттік ансамблінің бас дирижері, «Отан» Республикалық саяси партиясының орталық аппараты идеология бөлімі меңгерушісінің орынбасары болды. «Гүлдер» мемлекеттік ансамблінің директоры, «Қазақ әуендері» АҚ аймақтық директоры, Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының шығармашылық жұмыстар және сыртқы байланыстар жөніндегі проректоры, РМҚК «Ж.Елебеков атындағы Республикалық эстрада-цирк колледжі» директоры болып қызмет атқарды. 2016 жылдың маусым айынан бастап Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының директоры қызметін атқарды.