Қазақстан 1 триллион теңгеге мемлекеттік бағалы қағаздар шығарады

0
681

Бұл Қазақстанның мемлекеттік бағалы қағаздарын облигациялардың халықаралық индекстеріне енгізу жұмысын жалғастыруға мүмкіндік береді.


Қазақстан 1 триллион теңгеге мемлекеттік бағалы қағаздар шығарады

ERNUR.KZ. Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев экономикалық белсенділікті қолдау мақсатында қаржы нарығын дамытудың қадамдарын атады, деп жазады ҚазАқпарат.

«Инвесторларды тарту жұмысы жалғасады. Ол үшін Қаржы министрлігімен бірлесіп 2020 жылы 1 жылдан 3 жылға дейінгі секторда және 2021-2022 жылдары 1 жылдан 5 жылға дейінгі секторда мемлекеттік бағалы қағаздарды (МБҚ) шығаруды қамтамасыз етеді. 2020 жылдың соңына дейін тұрақты негізде 1 трлн теңгеге дейінгі көлемде қысқа мерзімді қағаздарды шығарумен МБҚ-ны шығару кестесіне тиісті өзгерістер енгізілді», - деді Ерболат Досаев.

Бұл Қазақстанның мемлекеттік бағалы қағаздарын облигациялардың халықаралық индекстеріне енгізу жұмысын жалғастыруға мүмкіндік береді.