Қазақстан 30 елдің вакцина паспортын мойындады

0
535

Қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.


Қазақстан 30 елдің вакцина паспортын мойындады
ERNUR.KZ. Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің міндетін атқарушы Айжан Есмағамбетова «Қазақстан Республикасында COVID-19 коронавирустық инфекциясына қарсы вакцинация паспорттарын/ сертификаттарын/анықтамаларын тану туралы» қаулыға қол қойды, деп жазады Zakon.kz.
Осы қаулыға қосымшаға сәйкес құжаттардың үлгілеріне сәйкес Аргентина Республикасында, Белизде, Боливия мемлекетінде, Ұлыбританияда, Мажарстанда, Грузияда, Индонезия Республикасында, Иран Ислам Республикасында, Иорданияда, Канадада, Қырғыз Республикасында, Мальдив Республикасында, Моңғолияда, Армения Республикасында, Беларусь Республикасында, Молдова Республикасында, Перу Республикасында, Сан-Марино Республикасында, Сербия Республикасында, Тунис Республикасында, Үндістан Республикасында, Филиппин Республикасында, Таиландта, Түркия Республикасында, Черногория Республикасында, Чех Республикасында, Шри-Ланка Демократиялық Социалистік Республикасында, Эквадор Республикасында, Эстония Республикасында және Жапонияда берілген азаматтардың КВИ-ге қарсы вакцинация паспорттары/сертификаттары/анықтамалары Қазақстан Республикасының аумағында жарамды деп танылсын.

Қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.