Қазақстан Африкаға бітімгерлер жібереді

0
513

Қорғаныс министрлігінің басшысы Қазақстанның штабтық офицерлер және әскери бақылаушылар ретінде жекелеген әскери қызметшілерді, сондай-ақ БҰҰ миссияларына барынша сұранысқа ие жаяу әскер, медициналық, барлау, инженерлік әскери полиция бөлімшелерін бөлуге дайын екенін атап өтті.


Қазақстан Африкаға бітімгерлер жібереді

ERNUR.KZ. Парламент Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Орталық Азия, Конго, Мали және Ливандағы БҰҰ миссияларына қатысу үшін Қазақстан Қарулы Күштерінің бітімгершілік контингентін жіберу туралы ұсынысын мақұлдады, - деп жазады Tengrinews.kz.

"Конституцияның 53-бабы 5-тармағына сәйкес БҰҰ-ның Орталық Африка Республикасындағы тұрақтандыру жөніндегі көпбейінді кешенді миссиясына, БҰҰ-ның Конго Демократиялық Республикасындағы тұрақтандыру жөніндегі миссиясына, БҰҰ-ның Малидегі тұрақтандыру жөніндегі көпбейінді кешенді миссиясына, БҰҰ-ның Ливандағы уақытша күштерінің миссиясына қатысу үшін шамамен 430 әскери қызметшіні Қарулы Күштердің бітімгершілік контингентін жіберу туралы ұсыныс енгіземін" - деді Жақсылықов Парламент палаталарының бірлескен отырысында.

Қорғаныс министрлігінің басшысы Қазақстанның штабтық офицерлер және әскери бақылаушылар ретінде жекелеген әскери қызметшілерді, сондай-ақ БҰҰ миссияларына барынша сұранысқа ие жаяу әскер, медициналық, барлау, инженерлік әскери полиция бөлімшелерін бөлуге дайын екенін атап өтті.

"Бағалау және іріктеу бірнеше кезеңнен тұрады. Біз Қазақстаннан БҰҰ-ға бес бөлімшені ұсындық. Олардың барлығы дайындықтың әртүрлі деңгейлерінде. Біз бөлімшелерімізді бірден емес, өтінім бойынша жібереміз. Бізге миссияны орындауға дайындық бойынша баға беріледі", - деді Руслан Жақсылықов.